389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

  • 320
  • UPD: 09:42, 08.10.2019

Медицина және физиология саласындағы 2019 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды.

Олар америкалық Уильям Келин мен Грэгг Семенза және британдық Питер Рэтклифф. Ғалымдар ағза жасушаларының оттегі деңгейінің өзгерістеріне қалай бейімделетінін зерттеген. Бұл зерттеулер қан аздық, қатерлі ісік секілді аурулармен күрес жүргізудің жаңа тәсілдерін ойлап табуға көмектесуі тиіс. Енді сыйлықты табыстау рәсімі 10 желтоқсанда Швеция астанасы СтокгОльмде өтеді. Осы аптада сондай-ақ физика, химия, әдебиет бойынша және бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы