389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия жағалауында мигранттар мінген кеме суға кетті

  • 157
  • UPD: 08:54, 08.10.2019
Италия жағалауында мигранттар мінген кеме суға кетті

Италияның ЛампедУза аралының жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті. Салдарынан 9 адам көз жұмған.

Құтқарушылар 20 мигрантты аман алып қалды. Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздестіру операциясын ауа райының қолайсыздығы мен құтқарушылардың тапшылығы қиындатып отыр. Қайықта Африка елдерінің азаматтары отырған. Олар Жерорта теңізімен Италияға жетпек болған. Шамамен сол уақытта Жерорта теңізінде тағы бір құтқару операциясы жүргізілген. Нәтижесінде испандық мамандар теңізге ағаш қайықпен шыққан 40 мигрантты аман алып қалған.

Хабар 24 телеарнасы