389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жағалауға мұнай төгілді

  • 194
  • UPD: 10:54, 08.10.2019

Бразилияда төгілген мұнай дақтары жағажайларға жайылып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау агенттігі жүргізген сараптамаға сай, суға төгілген мұнай бұл елдің төл шикізаты емес.

Айта кетсек, Бразилияның солтүстік-шығыс жағалауына мұнайдың төгілгені жайлы ақпарат өткен айда тараған еді. Бірақ оның Бразилия жағалауына кімнің төккені және қалай төгілгені әзірге белгісіз қалып отыр. Осыған байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы қара алтын төгілген аумақ 1500 шақырымды құрайды. Салдарынан аң мен құс жаппай қырылып жатқан көрінеді. Ал жағажайлар әзірше жабық. Қазір жағаны шайған мұнайды жинап-тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы