389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропадағы ірі банк 10 мың адамды жұмыстан қысқартады

  • 177
  • UPD: 10:12, 08.10.2019
Еуропадағы ірі банк 10 мың адамды жұмыстан қысқартады

Еуропадағы ірі банк HSBC ((Эйч Эс Би Си)) 10 мың қызметкерін қысқартады. Бұл шығындарды азайту мақсатында қабылданған шешім.

Бұл жайында Файнэншл Таймс халықаралық басылымы хабарлайды. Қысқартуға ең алдымен жалақысы жоғары қызметкерлер ілінеді деп жоспарланып отыр. Жалпы аралық есеп беруге сәйкес, биыл маусымның соңында HSBC банкінде 238 мыңға жуық адам жұмыс істеген. Негізі банк басшылығы бұған дейін де 4 мың 700 қызметкерін қысқарту жоспары жайлы жариялаған болатын. Оған пайыздық мөлшерлемелердің төмен деңгейі мен брекзит шарттары себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы