389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әуе шарларының фестивалі ұйымдастырылды

  • 132
  • UPD: 12:37, 08.10.2019

АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Альбукерке қаласында әуе шарлары – аэростаттардың жыл сайынғы халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.

Дәстүрлі шараға жиналған жұрт әуеге көтерілген әртүрлі түс пен пішіндегі 200 шарды тамашалады. Фестиваль қарашаның 13-іне дейін жалғасатын болады. Мерекелік іс-шараға 20-дан астам ел қатысқалы отыр. Болжам бойынша, фестивальді көруге мыңнан астам қонақ келеді. Ұйымдастырушылар ғажайып көріністі күн батқанда тамашалаған дұрыс деп кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы