389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириядағы күрдтер базасын әуеден соққылады

  • 198
  • UPD: 11:54, 08.10.2019
Түркия Сириядағы күрдтер базасын әуеден соққылады

Түркия Сирияда жоспарлаған әскери операциясын бастап кетті. Бұл туралы Al-Mayadeen ливан телеарнасы хабарлайды. 

Шабуыл елдің солтүстік шығысындағы күрдтерге қарсы ұйымдастырылған. Түркияның әуе күштері Хасеке провинциясында орналасқан күрдтердің базаларына әуеден соққы жасады. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Әскери операция басталмас бұрын аймақтан АҚШ әскері шығарылды. Осылайша Вашингтон бұл іске араласпайтындығын, сонымен қатар күрд жасақтарын емес, керісінше Анкараны қолдайтынын білдірді.

Естеріңізге салайық, жуырда Түркия президенті Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймақ құрып, онда босқындарды көшіретінін хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы