389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде мемлекетке адамның ауырмағаны тиімді

  • 111
  • UPD: 12:55, 08.10.2019

Израильде тұмауға қарсы екпе жасау - мемлекеттік саясаттың бір бөлігі. Бұл іспен денсаулық сақтау министрлігі айналысады, ал вакцина құны мемлекеттік сақтандыру жүйесімен қамтылады. Яғни ел тұрғындары үшін екпе жасау тегін.

Израильде де күз басталысымен тұмауратқан адамдардың саны күрт өседі. Індеттің өршіуне жол бермес үшін, жаз аяғында елде екпе жасай бастайды. Бұл мемлекеттік бағдарлама, оның орындалуын денсаулық сақтау министрлігі мұқият бақылайды. 

Евгений Шустер, отбасылық дәрігер:

- Маусым басында денсаулық сақтау министрлігі елдегі бүкіл поликлиникаларды вакцинамен қамтиды. Екпе жасау науқаны басталғаны туралы теледидар мен газеттерде жарияланады.

Елде адамдардың жас мөлшеріне қарамастан, жаппай екпе жасау туралы нұсқау бар. Химиотерапияны алып жатқан адамдарға, жүкті әйелдерге, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға және егде жастағыларға ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы Израильде тұмаудан 80 адам қайтыс болған. Әрине екпе жасауға ешкімді мәжбүрлемейді, бұл әр адамның өз еркінде. Бірақ сақтандыру компаниялары екпе жасатуға барынша үгіттейді. Бұл түсінікті, ауруды емдеуге кететін шығыннан көрі вакцина әлдеқайда арзан.

Евгений Шустер, отбасылық дәрігер:

- Мемлекеттік саясаттың мақсаты - ауруға байланысты жұмысқа шықпауды азайту. Тұмау індеті ел экономикасына қатты әсер етеді.

Әрине бәрі ақшаға тіреліп отырған жоқ. Мемлекетке азаматтардың дені сау болғаны керек. Өйткені емге ақша шығындалмайды. Ал жұрт еңбек етсе, салығын уақытылы төлейді. 

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы