389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Қытайдың кезекті келіссөзі өтеді

  • 141
  • UPD: 15:42, 08.10.2019

АҚШ пен Қытай арасындағы кезекті сауда келіссөздері 10 қазанда өтеді. Тараптар басқосуды Вашингтон қаласында өткізбек.

Келіссөз арадағы шиеленісті шешуге бағытталады. Атап айтсақ, келіссөздер барысында интеллектуалды меншік құқығы, ауыл шаруашылығы, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Сонымен қатар валюта мәселелері де талқыға түседі деп күтілуде. Жалпы, қос алпауыттың сауда шиеленісін шешу мақсатында келіссөздер өткізіп келе жатқанына бірнеше ай болды. Соңғысы шілде айында Шанхай қаласында өткен болатын.

Айта кетсек, бір ай бұрын америкалықтар құны 250 млрд доллар тұратын қытайлық тауарларға салынатын баж салығын 25 пайыздан 30 пайызға көтеруді 1 қазаннан 15 қазанға дейін шегерген еді. Ал Бейжің 17 қыркүйектен бастап, АҚШ-тың бірқатар тауарын қосымша баж салығынан босатты.

Хабар 24 телеарнасы