389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Түркияның Сирия жеріндегі әскери қимылдарына қарсы

  • 150
  • UPD: 15:49, 08.10.2019
Еуроодақ Түркияның Сирия жеріндегі әскери қимылдарына қарсы

Түркияның Сириядағы жаңа әскери операциясы осы елдегі бейбітшілікті сақтауға бағытталған саяси қадамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бұл туралы Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Брюссельде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Дипломаттың айтуынша, Сириядағы шиеленіске қатысты кез келген мәселе әскери жолмен емес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы мен 2012 жылы қабылданған Женева коммюникесіне сәйкес шешілу керек.

Майя Косьянчич, ЕО Сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі:

- Сирияның солтүстік-шығысындағы әскери іс-қимылдардың жандануы жағдайды одан бетер ушықтырады. Бұл жергілікті халықтың жаппай көшуіне әкеп соғады. Біз Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесіне кепіл елдерді оның ішінде Түркияны да аймақта әскери операцияны тоқтатып, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы