389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологиялық қозғалыстың белсенділері Париж орталығындағы көпірді бөгеп тастады

  • 116
  • UPD: 11:26, 09.10.2019
Экологиялық қозғалыстың белсенділері Париж орталығындағы көпірді бөгеп тастады

Экологиялық қозғалыстың белсенділері Париж орталығындағы алаң мен көпірді бөгеп тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жағында алаң, ал қарама-қарсы қалалық полиция кеңсесі орналасқан көпір бірнеше сағат бойы өтуге жабық болған. Осылайша, шерушілер қоршаған ортаны қорғауға нақты шаралар қабылдамай жүрген үкіметке өз наразылығын білдірген. Париждегі шеру әлем бойынша өткен осындай қимылдардың бастамасы болды. Қозғалыс белсенділері 60 қалада осындай шара ұйымдастыруға уәде берді. Басты шеруді Лондонда өткізуді көздеп отыр, олар бұл қаланың орталығын екі аптаға бөгеп тастауға ниетті.

Пьеррик Жальби, экологиялық қозғалыстың өкілі:

- Біз күш қолданбай әрекет ететін қозғалыстың өкілдеріміз. Адамдар мен меншікті қадірлейміз. Бізге бетпе-бет тұрып, өз жұмысын істеп тұрған полицияға қарсы емеспіз. Осыны олар үшін, балалары үшін істеп жатырмыз. Сондай-ақ осы мәселеге шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аудартқымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы