389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді

  • 103
  • UPD: 15:06, 09.10.2019

Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы Brexit келісімі жөніндегі келіссөздер тағы тығырыққа тірелді.

Бұл туралы Еуропа парламентінің президенті Давид Сассоли мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірше Лондон да, Брюссель де Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу шарты туралы екі тарапты да қанағаттандыратын келісімге келген жоқ. Себебі британ премьері жасаған ұсыныстар Еуропарламенттен қолдау таппай отыр.

Давид Сассоли, Еуропарламент президенті:

Еуроодақты қанағаттандырарлық, яғни Белфаст келісімі мен Ирландия аралындағы шекара мәселесіне нұқсан келтірмейтін келісім жасалмайынша, Еуропарламент бұл мәселеде ешбір бәтуаға келмейді. Жалпы Brexit-тің бітуінің екі жолы бар. Біріншісі, Brexit мерзімін кейінге шегеру болса, енді бірі одақтан келісімсіз шығу. Егер салмақты себеп болса, Еуропарламент Одақтан шығу мерзімін созуға дайын.

Яна Тоом, Еуропарламент депутаты:

Менің ойымша, Ұлыбритания одақтан келісімсіз шығады. Себебі біз келісімге қол жеткізгенімізбен, оның арты ештеңеге әкелмеді. Қазір Ұлыбритания белсенді түрде Одаққа мүше елдермен жеке келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы тұрғыдан олар бізді жікке бөлуде. Бұл жақсы емес, әрине. Бірақ қалай болғанда да осы мәселеде жеңіліс тапқан тарап Ұлыбритания болары сөзсіз. Оған еш күмән жоқ.

Хабар 24 телеарнасы