389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда күрдтер ереуілге шықты

  • 138
  • UPD: 14:17, 09.10.2019
Вашингтонда күрдтер ереуілге шықты

Вашингтондағы Лафайет саябағында ондаған күрд ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй алдында жиналғандар АҚШ әскерінің Сирияның солтүстік-шығыс аумағынан шығуына қарсы. Наразылар ел президенті Дональд Трампты Сириядағы күрдтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Белсенділер «аймақты Түркия әскері өз бақылауына алса, өңірдегі күрд халқы геноцидке ұшырауы мүмкін» дейді.

Естеріңізге салайық, Түркия Ефрат өзенінің шығысын күрдтерден тазартып, шекарада Сирияның 2 млн босқыны үшін қауіпсіз аймақ құруға ниетті. Мәселен бүгінде олар Түркия шекарасында мекендеп жатыр. Осы жолы күрд жасақтарын АҚШ қолдаудан бас тартып, өңірден өз әскерін шығара бастады.

Хабар 24 телеарнасы