389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда биіктігі жарты шақырым болатын ғимарат ашылды

  • 276
  • UPD: 16:55, 09.10.2019
Қытайда биіктігі жарты шақырым болатын ғимарат ашылды Dezeen

Бейжің қаласында Қытайдағы ең биік CITIC Tower ғимараты ашылды, деп хабарлады Dezeen.

Әлемдегі ең биік он ғимараттың қатарына кіретін биіктігі 528 метрлік ғимарат 109 қабаттан тұрады.

«Америкалық Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы салған CITIC Tower мұнарасы Қытайдағы ең биік төртінші, ал әлемдегі ең биік сегізінші мұнара болды», - делінген хабарламада.  

1974 жылы құрылған Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы әлемдегі көптеген биік ғимараттардың авторы, олардың төртеуі әлемдегі ең биік 10 ғимараттың тізіміне енген.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы