389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиядағы атыс: қылмыскердің аты-жөні белгілі болды

  • 127
  • UPD: 07:47, 10.10.2019
Германиядағы атыс: қылмыскердің аты-жөні белгілі болды

Германияның Галле қаласында синагога мен түрік дәмханасының қасында адамдарды атқан қылмыскердің аты-жөні белгілі болды.

Ол 27 жастағы Штефан есімді осы елдің азаматы болып шықты. Полиция оны қолға түсірді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Германияның Галле қаласында синагога мен дәмхананың маңында атыс болып, 2 адам қаза тапты. Бастапқыда шабуылды бірнеше адам жасаған деген ақпар тараған. Көп ұзамай полиция күдіктіні ұстап, оның жалғыз әрекет еткенін анықтады. Мәліметке қарағанда, ол шабуылды бейнежазбаға түсірген.

Хабар 24 телеарнасы