389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ қаржылай дағдарысқа ұшырауы мүмкін

  • 127
БҰҰ қаржылай дағдарысқа ұшырауы мүмкін

БҰҰ келесі айда қаржылай дағдарысқа ұшырап, қызметкерлеріне жалақысын төлей алмай қалуы мүмкін.

Оған ұйымға мүше кей елдердің жарнасын аудармай, қажетті қаржының жиналмауы себеп. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп мәлімдеді. Өйткені биыл ұйымның 3,3 миллиард доллар болатын бюджетінің 2 миллиардтайы ғана жиналған. Басты қарызгер – АҚШ. Вашингтон өткен жылы 380 миллион доллар төлемесе, биыл оның ұйымға қарызы 670 миллион долларға жеткен. Пезидент Дональд Трамп Америка жарнасының тым үлкен екенін айтып, оны реформалауды ұсынуда.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Бюджет тапшылығына байланысты біздің жұмысымыз бен реформаларымыздың жүзеге аспай қалу қауіпі бар. Келер жылғы бюджетке қатысты ұсыныстарды таныстыра отырып, ұйымға мүше елдерден жарнаны уақытылы және толықтай төлеуін сұраймын. Ал экономикалық қиындықтарға қарамастан қаржылық міндеттемелерін орындаған мемлекеттерге алғысымды білдіремін.

Айта кетейік, БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін бюджет бөлек құралады. Биыл оның көлемі 6,7 миллиард доллар болса, келер жылға 6,5 миллиард деп бекітілген. Бірақ Вашингтон бұл істе де өз жарнасының тым көп екеніне шағымданып, оны азайтуды сұрауда. Қазір АҚШ-тың үлесі Бітімгерлер қызметінің жалпы бюджетінің 28 пайызын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы