389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі мұнай бағасы тағы төмендеді

  • 128
  • UPD: 08:11, 10.10.2019
Әлемдегі мұнай бағасы тағы төмендеді

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісіне байланысты мұнай бағасы үшінші күн арзандады.

Себебі әлем экономикасының өсімі тұрақсызданып, мұнайға сұраныс төмендеген. Салдарынан әлем қор биржаларында таңғы саудада «Брент» маркалы мұнай бағасының құны 0,1 процентке төмендеп, 58 доллар 17 центті құрады. «WTI» мұнайы да 0,1 пайызға төмендеп, 52 доллар 56 центке жетті. Қара алтын бағамына өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорының болжамнан асып кеткені де әсер еткен. Айта кетейік, АҚШ пен Қытай екіжақты сауда мәселелерін әлі шеше алмай келеді.

Хабар 24 телеарнасы