389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақта ауыл шаруашылығы бюджеттен дотацияланады

  • 109
  • UPD: 08:24, 10.10.2019

Еуропа одағында ауыл шаруашылығын субсидиялау арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады.

Онда жер телімдеріне субсидия ретінде тікелей төлемдер мен сырттан әкелінетін өнімдерге квоталар қарастырылған. Егер 90-жылдардың басында шаруаларды қолдауға одақ бюджетінің жартысы кететін болса, қазіргі уақытта шығын тек бюджеттің үштен бірін құрайды екен. Яғни жыл сайынғы дотация көлемі 60 миллиард еуро шамасында. Көктемде Еуропарламент комитеті ауыл шаруашылығын дамыту бойынша түзетулердің екінші пакетін мақұлдады. Ол бойынша енді тікелей төлемге бөлінетін қаражаттың екі проценті жас фермерлерге беріледі. Ал 5 процентке жуығы шағын және орта шаруа қожалықтарына жұмсалмақ. Ал қаражаттың қомақты бөлігі бұрынғыша ірі агроөнеркәсіп кешендеріне бағытталмақ екен. Осыған байланысты Еуропаның табиғатты қорғау ұйымдары өз наразылығын білдіруде. Айтуларынша, аграрилер егін егу кезінде органикалық емес тыңайтқыштарды шамадан артық қолданады. Бұл өз кезегінде экологияны бұзып, адам денсаулығына зиян келтіруде, дейді олар.

Авторы: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы