389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда бірнеше мэр үкіметтен босқындар мәселесін шұғыл шешуді талап етті

  • 119
Францияда бірнеше мэр үкіметтен босқындар мәселесін шұғыл шешуді талап етті

Франциядағы 13 ірі қаланың мэрлері үкіметтен босқындар мәселесін шұғыл шешуді талап етті.

Олар осы жөнінде хатты үкіметке жіберген. Қала басшылары мигранттар мәселесін өз деңгейінде күн сайын шешіп келеді. Олар үкіметтен гуманитарлық орталықтарды ашуды сұрап отыр. Франция - миграциялық дағдарыстың ауыртпалығын көріп отырған Еуроодақтағы елдердің бірі. Ел президенті Эмманюэль Макрон босқындарды қабылдау квоталарын енгізуді ұсынған болатын. Бұл одаққа мүше елдерді мигранттардың белгілі бір санын қабылдауға міндеттер еді.

Пьер Кабаре, Ұлттық ассамблея депутаты:

– Біз тек өз елінде қудаланған босқындарды қабылдауымыз керек. Бүгінде Францияда жүрген мигранттардың көбісіне ондай қатер төніп тұрған жоқ. Мәселен, албаниялық келімсектерге саяси босқын мәртебесін бере алмаймыз. Осы мәселені бүкіл Еуропа деңгейінде шешу керек. Квоталар енгізу арқылы мигранттарды қабылдау мүмкіндіктеріміз артып, олардың қоғамға сіңуі жақсара түседі.

Хабар 24 телеарнасы