389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік кептелісі, ауаның ластануы... Лондонда бұл мәселелерді жою үшін қандай жобалар қолға алынған

  • 147
  • UPD: 11:17, 10.10.2019

Лондон қаласының көлемі ұлғайған сайын көлік кептелісі, метрополитеннің ескірген жүйесі және ауаның ластануы сияқты инфрақұрылымдық проблемалары да артып келеді.

Ал түйінді мәселелерді азайту үшін Smart tech жүйесі пайдаланылады.

Кейбір болжамдарға сәйкес Лондон халқының саны алдағы 10 жыл ішінде 1 миллионға жетпек. Қала халқына және қонақтарына жайлы жағдай жасау үшін жергілікті билік біршама бастамаларды қолға алды. Лондон мэрі Садик Ханның «Ақылды қаланы бірге салайық» жол картасы көлік тасымалынан бастап, денсаулық сақтау қызметіне дейін қамтиды.

Садик Хан, Лондон қаласының мэрі:

– Біз бұл бағытта үлкен қадамдар жасадық. Бірақ біз одан әрі жылжығымыз келеді. Смарт-технологияларды халық игілігі үшін жұмыс істеткіміз бар. Лондон – ең үздік идеялар жүзеге асатын «сынақ алаңы» болуы керек.

Әлемдегі ең ірі жер асты көлік құралы - Лондон метросы. Оның тарам-тарам жолдарында адасып кетпес үшін бірнеше ұялы қосымшалар мен онлайн-қызметтер жұмыс істейді. Уақытыңды дұрыс жоспарлап, пойызыңнан қалып қоймауыңа көмектеседі. Сонымен қатар Лондонның әрбір шаршы метріне 300 бақылау камерасы қойылған. Жасанды интеллект пен адамдардың түрін танитын технологиялар түрлі қылмыстарға тосқауыл қояды.

Стивен Диел, сарапшы:

– Камераның көп болуы орынды. Олар жеке өмірге қол сұқпайды. Қоғамдық орындарда террористік қауіп-қатердің алдын алады. Соңғы уақытта Лондонда пышақпен жасалатын шабуылдар көп. Камералардың көмегімен халық өзінің қорғалғандығын сезіну керек.

Лондон ағымдағы жылы Smart city технологияларына 1 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Мәселен, қала басшылығы үйлерге күн панельдерін орнатып, оны «жасыл энергия» көзі ретінде кәдеге асыруды жоспарлап отыр. Энергожүйе цифрлы түрде басқарылып, тиімділігі күшейтілмек.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы