389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Түркияға ескерту жасады

  • 170
Трамп Түркияға ескерту жасады

«Түрік әскері Сирияның солтүстігіндегі күрдтерді қыратын болса, АҚШ Түркияның экономикасын тас-талқан етеді».

Президент Дональд Трамп осылай деп мәлімдеп, түрік билігін барынша ұстанымды әрекет етуге шақырды. Бұлай болмаған жағдайда АҚШ басшысы Режеп Тайып Ердоғанға санкциядан да қатаң шаралар қабылдайтынын ескертті. Ал Мемлекеттік хатшы Майк Помпео АҚШ Сирияның солтүстігінен әскерилерін алып кеткенмен, Анкараның операциясына қолдау білдірмегенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Түркия кеше Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы «Бейбітшілік қайнары» операциясын бастады. Ал АҚШ түрік күштері әскери қимылдарына кіріспей тұрып, ол аймақтардан өз жасақтарын алып кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы