389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда таңқаларлық қасиетке ие жүздеген робот көрмеге қойылды

  • 138
  • UPD: 12:37, 10.10.2019

Оңтүстік Кореяда тек осы елде ғана емес, аймақтағы ең ірі қатардағы роботтар көрмесі ашылды.

Ақылды көліктер жүк тиеушілерді, бармендерді тіпті әскерлерді ауыстырады.

Владислав Цой, тілші:

– Көрмеге келушілердің назарына жүздеген робот қойылған. Барлығын көрсетуге, әрине уақыт жеткіліксіз, бірақ сізге жеке өзімді қызықтырған құрылғылар туралы айтып берейін деп шештім. Мен бұл жерден машиналардың адам жұмысын толықтай атқара алатынын байқадым. Қазір Кореяда кейбір логистикалық компаниялар жасанды интеллекті пайдаланып, тауар өлшейді, көтереді және оларды тасымалдайы. Мұнда кей роботтар тонна салмақты көтерсе, енді бірі кәдімгідей нысандарды тани алады. Жиналмалы қабілеті болған соң олар жүргізушісіз көліктерде қолданылады. Бұл жабдықтардың басқа да мүмкіндіктерін білу үшін өндіруші компания өкілін сөзге тартып көрейік.

Ким Тхэ Вон, компания өкілі:

– Біз бұл камераны негізінен өндіріс тізбегіндегі кемшіліктер мен ақауларды анықтау үшін жасап шығардық. Өзгелерден ерекшелігі көлемі жағынан шағын және қуатты аз тұтынады. Бағасы да қолжетімді.

Кореяда бариста роботымен ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Бірақ робот-аспазды мен алғаш рет көріп тұрмын. Ол салат жасай алады екен. Оған тек көкөніс, жеміс-жидек беріп, әр құрамға қанша грамм қажет екенін жазып берсеңіз болды. Ал мына робот – сұлулық салонына таптырмайтын көмекші. Ол шашты жуып қана қоймай, басқа массаж да жасайды. Мен мысалы, қазір шашымды өзім жумаймын, өйткені оған уақыт жоқ.

Жалпы роботтар адам өмірінің барлық салаларына пайданылады. Бір-екі жылдан кейін кибер-әскери пайда болуы мүмкін. Кем дегенде, солдат пен бронды техниканы алмастыратын роботтар бар. Оның салмағы – бір жарым тонна. Ол адам сияқты сағатына 5 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Тіпті сағатына отыз шақырымға дейін жүріп өтуге мұршасы бар. Толық зарядталған кезде ол он екі сағат бойы соғыса алады. Енді сол роботты жасаған компания өкілін тыңдап көрейік.

Ким Сок Хван, компания өкілі:

– Түрлі қажетке жарамды бұл машинаны әскери де, азаматтық та мақсатта қолдануға болады. Жауынгер артынан еріп жүре алады, қашықтан да басқаруға болады. Күшті қозғалтқышы мен батареясы бар. Осының арқасында жетуге жолы қиын аудандарды өте алады.

Репортажды робот-музыкантпен аяқтағым келіп тұр. Міне, мына құрылғының соқпалы аспаптарда ойнайтын өнері бар.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы