389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда енді нәзік жандылар футбол ойынын тамашалай алады

  • 131
Иранда енді нәзік жандылар футбол ойынын тамашалай алады Спорт-Экспресс

Иранда қазан айының 10-нан бастап нәзік жандылар футбол ойынына бара алатын болады.

Бұл туралы FIFA басшысы Джанни Инфантино мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, жергілікті билік 1979 жылы әйелдер қауымына футболды тамашалауға тыйым салған еді. Алайда рұқсат етілмесе де, нәзік жанды жанкүйерлердің кейбіреулері ерлердің киімін киіп, стадионға кірудің амалын табатын. Әдетте мұның соңы абақтыға қамалумен аяқталатын. Мұндай шешімнің қабылдануына қарсы шыққандар да бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылар Тегеран қаласында ереуілге шығып, елдің спорт министрін отставкаға кетуін талап етті.

Хабар 24 телеарнасы