389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп: Қытай сауда соғысынан ұтылып отыр

  • 163
Трамп: Қытай сауда соғысынан ұтылып отыр

«Қытай АҚШ-пен арадағы сауда мәселелерінің шешілмеуінен көп ұтылуда.

Сондықтан Бейжің Құрама Штаттармен келісімге келуге көбірек мүдделі». Президент Дональд Трамп сауда келіссөзіне қатысты осылай деп мәлімдеді. «Себебі АҚШ баж салығын енгізу арқылы пайда көрсе, Қытай шығынға батуда. Осыған байланысты Бейжің келісімге келгісі келіп отыр», - дейді Ақ үй басшысы.

Еске сала кетейік, тамыз айында екі мемлкет арасындағы сауда келіссөз нәтижесіз яқталды. Оған Бейжіңнің бірқатар америкалық тауарға жалпы құны 75 миллиард доллар болатын баж салығын салатындығы түрткі болды. Осыдан кейін Вашингтон Қытайдан импортталатын өнімдерге жалпы сомасы 300 миллиард доллардан асатын салық енгізетінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы