389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың оңтүстік штаттарында қуаңшылық жайлады

  • 148
АҚШ-тың оңтүстік штаттарында қуаңшылық жайлады

АҚШ-тың оңтүстік аймағындағы 12 штатта қуаңшылық жайлады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл өңірлерде 45 млн адам тұрады. Су тапшылығы шаруа қожалықтарына да оңайға соқпай тұр. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, табиғаттың тосын мінезінен Джорджия, Алабама, Кентукки, Теннесси, Каролина мен Батыс Вирджиния штаттары көп зардап шеккен. Фермерлер жемнің тапшылығынан мал басын қысқартуға тура келеді деп уайымға батып отыр.

Хабар 24 телеарнасы