389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда ережені бұзған жүргізушілерге қатаң жаза қолданылады

  • 104
  • UPD: 12:46, 11.10.2019

Германияда жолда ережені сақтамай жүретін жүргізушілер үшін жаза қатаң. Заң бойынша олар үлкен көлемде айыппұл төлеп немесе жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Кей жағдайларда тіпті өмір бойы бас бостандығынан да айырылады. Мысалы осы жылдың көктемінде Штутгарт орталығында жылдамдығын сағатына 165 шақырымға дейін асырған жүргізуші темір тұлпарының тізгінін басқара алмай басқа көлікке соғылған. Машинада отырған екі адам да қаза тапты. Бұрын бұндай қылмыс үшін 5 жыл бас бостандығынан айырса, қазір оны "кісі өлтірді" деген айыппен соттап жатыр. Енді ол өмір бақи темір торға қамалуы мүмкін. Германияда бұндай оқиғалар жиі кездеседі. Берлин тұрғындары да жылдамдықты асырған жүргізушілерге қатаң жаза қолдану дегенді құп көріп отыр.

Тео, Берлин тұрғыны:

- Жол жүру ережесін бұзғандарға аяушылық болмауы керек. Өйткені олар адам өміріне қауіп төндіреді. Барынша қатаң жаза қолданылғаны дұрыс.  Қауіпсіздікке келетін болсақ, велосидеп тебушілерге арналған жолдардың көп болғанын қалаймын. Әсіресе көліктер көп жүретін жерлерде жүргізушілер велосидеп тебушілерге кедергі келтіреді. 

Юта, Берлин тұрғыны:

- Өте дұрыс деп ойлаймын. Кейбіреулер ауыр салмақты көлікке отырып жылдамдықты сағатына 180 шақырымға дейін жеткізсе, саналы түрде ережені бұзып отыр деген сөз. Солардың кесірінен адамдардың өмірі қиылып жатады.

Хабар 24 телеарнасы