389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем АҚШ-Қытай келіссөзінің нәтижесін күтіп отыр

  • 152
  • UPD: 14:18, 11.10.2019
Әлем АҚШ-Қытай келіссөзінің нәтижесін күтіп отыр

Әлемдік нарықта АҚШ пен Қытай сауда соғысына қатысты келіссөздердің қорытындысын күтіп отыр.

Осы ретте жапондық трейдерлер келіссөздердің оң нәтижесіне үміттеніп, салдарынан жергілікті акциялар қымбаттаған. Күншығыс еліндегі маңызды қор индекстерінің бірі Никей ((Nikkei)) индексінің өсімі байқалып отыр. Сауда соғысына сезімтал валюта - қытайлық юань да 0,3 процентке қымбаттаған. Есесіне доллар арзандап жатыр. Айта кеткен жөн, Вашингтонда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына қатысты келіссөздердің кезекті раунды басталған болатын

Хабар 24 телеарнасы