389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырдан перғауындар кезеңіне жататын өнеркәсіп орны табылды

  • 187
  • UPD: 14:45, 11.10.2019
Мысырдан перғауындар кезеңіне жататын өнеркәсіп орны табылды reuters

Археологтар Мысырдағы Луксор қаласы маңынан ежелгі өндіріс аймағын тапты.

Сондай-ақ, ежелгі қабірлер мен керамикалар, әшекейлер табылды, деп жазады Reuters.

Ғалымдар жерлеу орындарынан бөлек Ежелгі Египеттің алғашқы өнеркәсіптік аймақтарының бірін тапты. Олардың ішінде көне құрылыс материалдарының қалдықтары да сақталған.

«Бұл жерде жұмысшылар патша тақтарын безендірген, ал кейбір шеберханаларда олар перғауындарға жиһаздар бен әшекейлер жасаған», - дейді археолог Захи Хавасс.

Табылған заттар перғауындардың 18-ші әулетінің кезеңіне жатады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы