389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияға жойқын дауыл төніп келеді

  • 162
  • UPD: 17:07, 11.10.2019
Жапонияға жойқын дауыл төніп келеді

Жапонияға «Хагибис» тайфуны төніп келеді.

Табиғи апат соққысы ертең Токай мен Канто аудандарына келіп жетеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта тайфун Жапонияға оңтүстік-батыстан жылжып келеді. Метеорология агенттігінің мәліметінше, оның қуаты 1958 жылғы сұрапыл «Ида» тайфунымен тең. Сондықтан метеоқызмет өкілдері тұрғындардың табиғат апатын қарсы алуға дайын болуларын сұрап жатыр. Сақтық шараларынан көлік компаниялары да бейтарап қалмаған. Қазірдің өзінде аймақта 800 әуе рейсі кейінге шегерілген. Бұған қоса, теміржол компаниялары да тайфунға байланысты сенбі күні пойыз қозғалысына шектеу қоятындарын хабарлап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы