389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда көпір құлады, адам шығыны бар

  • 116
  • UPD: 17:07, 11.10.2019
Қытайда көпір құлады, адам шығыны бар

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында көпір құлады.

Оқиғадан 3 адам мерт болып, тағы екеуі жарақат алды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат алтының кезінде орын алды. Апат кезінде көпір астында 3 көлік болған. Оның біреуінде ғана адам болған жоқ. Оқиға орнында құрқару операциясы жалғасып жатыр. Оған 8 құтқару бригадасы жұмылдырылды. Полиция апатқа қатысты тергеу ісін бастап кетті. Болжам бойынша, көпірдің қирауына цистернаның жүргізушісінің ісі себеп болған. Күдікті ізін суытып үлгерген.

Хабар 24 телеарнасы