389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Ұлыбритания мен Ирландия арасындағы келіссөздің нәтижесіне риза

  • 129
  • UPD: 11:15, 12.10.2019
Еуроодақ Ұлыбритания мен Ирландия арасындағы келіссөздің нәтижесіне риза

Еуроодақ басшылығы Ұлыбритания мен Ирландия үкімет басшылары арасында келіссөздің нәтижесіне риза, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуден кейін Ирландия премьер-министрі Лео Варадкара Brexit бойынша келісім қазан айының аяғына дейін жасалуы мүмкін деп мәлімдеген. Кейбір ақпаратқа қарағанда, Британия тарапы Еуроодаққа еркін сауда жөнінде шектеулі келісім жасауды ұсынып отыр. Одаққа мүше 27 мемлекеттің елшілері Brexit бойынша Еуроодақтың басты өкілі Мишель Барньеге Ұлыбританияның Одақтан шығу шарттары жөнінде келіссөздердің белсенді кезеңін бастауды тапсырды.

Мишель Барнье, Brexit бойынша келіссөздердегі Еуроодақтың басты өкілі:

- Ұлыбританияның Brexit істері бойынша министрі Стивен Баркли және оның тобымен нәтижелі кездесу өткіздік. Бұл туралы Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің елшілері және Еуропарламенттегі Brexit бойынша топқа баяндама жасаймын. Мен айтқандай, Brexit тауға көтерілу сыңайлы. Бізге қырағылық, табандылық пен шыдам қажет.

Мина Андреева, Еурокомиссия өкілі:

Біздің келісім жасауға ұстанымыз берік. Ынта болса, өз мақсатына жету амалы да табылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы