389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте мыңдаған фермер Трамп саясатына қарсы ереуілге шықты

  • 100
  • UPD: 14:55, 12.10.2019
Мадридте мыңдаған фермер Трамп саясатына қарсы ереуілге шықты

Испания астанасы Мадридте мыңдаған фермер ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатына қарсы. Өйткені келесі аптада арадағы авиациялық дауға байланысты Ақ үй басшысының Еуроодақ елдеріне салған баж салығы күшіне енеді. Салдарынан Еуроодақ мемлекеттерінен АҚШ-қа экспортталатын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдеріне салық 25%-ке дейін артады.

Олардың қатарында зәйтүн майы да бар. Ол аздай, биыл өнімнің аз жиналуы жағдайды одан бетер ушықтырып жіберген.

Хабар 24 телеарнасы