389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатында орман өртінен 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды

  • 128
  • UPD: 15:15, 12.10.2019
Калифорния штатында орман өртінен 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртіне байланысты 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды орналастыру үшін 4 арнайы орталық ашылған. Қазір штаттың оңтүстігіндегі өртпен 1 мыңға жуық маман күресіп жатыр. Лаулаған жалын 2 мың гектардай жерді күлге айналдырған. 75 үй жанып кеткен. 300 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Әзірге өрттің неден шыққаны беймәлім.

Айта кетейік, былтыр қараша айында да Калифорнияның оңтүстігінде орман өртеніп, 85 адам опат болған еді. 14 мың үй мен 500-ден астам коммерциялық нысан жанып кетті. Тергеу барысында өрт жергілікті электр компаниясына тиесілі желіден шыққаны анықталып, 1 миллиард доллар айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы