389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эбола безгегімен сырқаттану бәсеңдеді

  • 112
  • UPD: 17:53, 12.10.2019
Конгода Эбола безгегімен сырқаттану бәсеңдеді

Конго Демократиялық Республикасының жұртын қыспаққа алған Эбола безгегінің беті қайта бастады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды.

Қазір індет негізінен елдің солтүстік-шығысында ғана белең алып тұр. Дәрігерлер соңғы бір аптада 14 деректің ғана расталғанын айтады. Өткен айда дәл сондай мерзімде ауруды жұқтырғандардың саны 3 есе көп болған.

Айта кеткен жөн, Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегі былтыр шілдеде өршіген болатын. Сол уақыттан бері індет 2 мыңға жуық адамның өмірін қиған.

Хабар 24 телеарнасы