389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Қытай келіссөзінде ілгерілеу пайда болды

  • 157
  • UPD: 21:11, 12.10.2019
АҚШ-Қытай келіссөзінде ілгерілеу пайда болды

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөзінде ілгерілеушілік пайда болды.

Пекин ауылшаруашылық саласында келісімге келіп, Вашингтон Қытайдан әкелінетін тауарларға кезекті баж салығын кейінге шегерді. АҚШ астанасында өткен екі ел делегациясының кездесуінің нәтижесі осындай. Енді тараптар келіссөздің екінші кезеңіне кіріспек. Осыған байланысты Президент Дональд Трамп қос мемлекеттің арасындағы сауда соғысы аяқталуға жақын деп мәлімдеді. Бірақ келісім-шартқа қол қоюға әлі бірнеше апта қажет екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы