388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадор оппозициясы билікпен келіссөзден бас тартты

  • 137
  • UPD: 23:47, 12.10.2019
Эквадор оппозициясы билікпен келіссөзден бас тартты

Эквадор оппозициясы билікпен келіссөз жүргізуден бас тартты. Елдегі Байырғы ұлттар конфедерациясы президент Ленин Моренодан алдымен жанармайға субсидиялауды жою туралы шешімді қайта қарауды талап етуде.

Билік әзірге еш мәлімдеме жасамады. Еске сала кетейік, қазанның 3-і күні Эквадорда үкімет жанармайға мемлекеттік субсидияны алып тастап, баға шарықтап, шеру басталды. Толқулар әлі күнге дейін жалғасып келеді.  Ресми дерекке қарағанда соңғы 9 күнде 5 адам қаза тауып, 550 шеруші жарақат алған. 900-ден астам адам қамалған.

Хабар 24 телеарнасы