386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қазақстандық суретші Болат Мекебаевтің жеке көрмесі ашылды

  • 240
  • UPD: 09:20, 13.10.2019

Потсдам қаласында қазақстандық суретші Болат Мекебаевтің жеке көрмесі ашылды.

Онда қылқалам шеберінің 50-ден астам туындысы қойылған. Олардың арасында суретшінің сиясы кеппеген жаңа картиналары да бар. Көрмеге келушілер, сондай-ақ суретшінің «Кездесуге дейінгі ұзақ жыл» атты кітабымен де танысуға мүмкіндік алды. 

Айта кетейік, Болат Мекебаевтың көрмелері АҚШ, Еуропа, Израиль елдерінде де өткен. Ал Потсдамдағы шара қазанның 25-іне дейін жалғасады.

Болат Мекебаев, суретші, жазушы:

– Менің суреттерімдегі басты ерекшелік - түс. Бұл менің жан дүниемді білдіреді. Қазақи мінезімді айқындайды. Осы тұстар туындыларымда көрініс тапқан. Сурет тақырыбы, оны салу мәнерім өзгергенмен түстерім өзгермейді. Сол баяғы ашық, қанық түстер.

Светлана Лучко, режиссёр:

– Мұнда авангардтық туындыларды да, импрессионизмді де көре аласыз. Бұл – романтика мен махаббатқа толы лирикалық жұмыстар. Кей картиналардан автордың еліне деген махабатын көруге болады. Туындылар еуропалық картиналардан өзгешелеу болғанымен өте тартымды.

Хабар 24 телеарнасы