387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрдтер түрік әскері шығынға ұшырап жатқанын айтады

  • 371
Күрдтер түрік әскері шығынға ұшырап жатқанын айтады

Сирияның солтүстігінде әскери операция бастағалы күрд жасақтары 75 түрік сарбазын жер жастандырған.

Тағы 20-ға жуық жауынгерді жаралы еткен. Бұл туралы күрд өкілдері мәлімдеді. Олар сондай-ақ Рас-эль-Айн қаласының көп бөлігін қайта бақылауына алғанын айтады. Бірақ түрік тарапы бұл мәліметті растаған жоқ. Еске сала кетейік, Түркия өткен сәрсенбі күні Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастады. Анкара бұл жерде сириялық босқындар үшін қауіпсіздік аймағын құруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы