387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда наразылық туғызған үкім қайта қаралатын болды

  • 163
Эквадорда наразылық туғызған үкім қайта қаралатын болды

Эквадорда президент Ленин Морено елде жаппай наразылық туғызған үкімді қайта қарауға келісті.

Бұл туралы Кито қаласының мэрі Хорхе Юнда мәлімдеді. Ал оппозиция жетекшілері билікпен келіссөз жүргізуге бел буған. Тараптар жақын арада мәселені талқылау үшін бас қоспақ. Еске сала кетейік, өткен аптада президент Морено жанармайды мемлекеттік субсидиялауды жою туралы шешім қабылдап, бензин бағасы бірден шарықтап кетті. Салдарынан елде жаппай наразылық басталып, қақтығыстар орын алды. Елде төтенше жағдай енгізіліп, Президент өз резиденциясын Китодан Гуаякиль қаласына көшіруге мәжбүр болды. Тәртіпсіздіктерден 5 адам қаза тауып, 550 шеруші жараланды. 900-ден астам адам қамалды.

Хабар 24 телеарнасы