388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирияда әскери операция бастағалы 190 мыңнан астам адам босқынға айналды

  • 296
  • UPD: 17:23, 13.10.2019
Түркия Сирияда әскери операция бастағалы 190 мыңнан астам адам босқынға айналды

Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция бастағалы 190 мыңнан астам адам үйлерін тастап, босқынға айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Хасеке және Ракка провинциясының ішкі аудандарына қарай ағылып жатыр. Бұл туралы Күрд автономды аймағының әкімшілігі жариялады.

Еске сала кетейік, Түркия 9 қазан күні Сирияның солтүстік-шығысындағы Күрд жасақтары мен «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әскери операция бастады. Мақсат – Ефрат өзенінің шығысынан Ирак шекарасына дейін қауіпсіздік аймағын құру. Анкара ол жерге 2 миллион сириялық босқынды орналастырмақ.

Хабар 24 телеарнасы