387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикадан АҚШ-қа қарай мигранттар керуені жолға шықты

  • 268
  • UPD: 18:11, 13.10.2019
Мексикадан АҚШ-қа қарай мигранттар керуені жолға шықты

Мексиканың солтүстігінен АҚШ шекарасына қарай тағы мигранттар жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Босқындардың жалпы саны 2 мыңға жуық. Олар негізінен Орталық Америка елдерінің азаматтары. Мигранттар жолда Мексика астанасына тоқтап, осы елдің президентімен кездесуді көздеп отыр. Бірақ әскери полиция жолды бөгеп, жартысын кері қайтарған.

Айта кетейік, өткен жылы күз айларында да Латын Америкасының бірнеше елінен ағылған жұрт АҚШ аумағына өтуге талпынған еді. Алайда Вашингтон шекара қауіпсіздігін күшейтіп, жолды жауып тастаған.

Хабар 24 телеарнасы