386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда косметологтар қызметінің сапасы едәуір төмен

  • 144
  • UPD: 13:51, 14.10.2019

Грузияда косметолог қызметінің сапасы Еуропа елдерімен салыстырғанда едәуір төмен. Бұған қоса осы салада еңбек етіп жүрген дәрігерлердің білім деңгейі де көңіл көншітпейді. Сондықтан дәрігерлер кез-келген салонға бармауға кеңес береді. Ал Оларды кім тексереді? 

Соңғы жылдары Грузияда косметологиялық қызметке сұраныс жоғары. Күн санап сән салондарының саны да, ондағы көрсетілетін қызмет түрлері де артып келеді. Сәйкесінше бәсекелестік те күшті. Себебі аталған бизнеспен айналысамын дейтіндер жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе болғаны. Десе де, эстетикалық медицина мекемелерінің қызметі жіті бақылауда. Жарты жыл сайын олардың ісі май шаммен қаралып, тексеріс жүргізіледі. 

Тамар Двали, дәрігер-косметолог:

- Бізді денсаулық министрлігі тексереді. Сондықтан мекеменің міндетті түрде сертификаты болуы тиіс. Бұған қоса қызмет көрсететін адамдардың білімді болуы да шарт. Бұған қоса санэпидстанция тазалық жағына тексеріс жүргізеді. 

Грузияда С гепатитімен сырқаттану көрсеткіші өте жоғары. Себебі бұған дейін сұлулық салондары жұмысының бақыланбай келген еді. Салдарынан мұндай мекемелерде қарапайы тазалық талаптарының өзі сақталмай жатады. 

Марина Драхвелидзе, Грузияның денсаулық сақтау министрлігіндегі департамент басшысы:

- Грузияда С гепатитін емдеу бойынша бірегей бағдарлама бар. Бірақ аурудың алдын алу шаралары жасалмаса, оны сәтті жүзеге асыру мүмкін емес. Мәселен,  егер аурудан айыққан адам сырқаттанудан қорғанбаған болса, демек бәрі бекер болғаны. Бұл қан арқылы таралатын барлық ауру түрлеріне қатысты айтылады. Сондықтан қызмет көрсететін мекемелердің бәрі әсіресе сән салондары санитарлық талаптарға сай болуы тиіс. 

Десе де, бәрін бақылау оңай шаруа емес. Себебі ірі сұлулық салондары жұмысқа арнайы білімі бар мамандарды ғана тартқанымен, өздерін «косметолог» санайтын әуесқойлардың да саны аз емес. Шикіліктің шығатыны да осыдан. Өйткені қазіргі уақытта кез келген қысқамерзімді курстан өте салып, үй жағдайында не болмаса шағын кабинеттерде косметолог болып істей алады. Бірақ мұндай қызметтің сапалы боларына кім кепіл? 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы