384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жойқын дауылдан 39 адам көз жұмды

  • 280
Жапонияда жойқын дауылдан 39 адам көз жұмды РИА Новости

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті.

Бұл туралы Киодо хабарлайды. Тағы 17 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Яғни көз жұмғандар саны артуы мүмкін. Сонымен қатар 189 адам табиғи апаттан зардап шеккен. Күншығыс елінде 136 мың үй сусыз, 4,3 мың үй жарықсыз қалды.

Нөсер жауын мен лай көшкініне ұласқан жойқын дауыл салдарынан 20-ға жуық өзен арнасынан тасыған.

Қазір пойыз қозғалысы біртіндеп қалпына келтірілуде. Дегенмен елордадағы Нарита әуежайында рейстер әлі де кешігуде.

Хабар 24 телеарнасы