388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда алғаш рет экологиялық квест өткізілді

  • 137
  • UPD: 15:38, 14.10.2019
Грузияда алғаш рет экологиялық квест өткізілді

Грузияда алғаш рет Экологиялық квест ойыны өтті. Мұнда 3 адамнан құралған 7 топ Тбилиси су қоймасы маңындағы дендрапарктің аумағын тазартты.

Қызықты шараға жергілікті сайыскерлермен қатар Ресей, Украина, Қырғызстан, Оңтүстік Африка және Иран азаматтары қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойын сынақ ретінде өтіп отыр. Алдағы уақытта елдің өзге де аймақтарында осындай шаралар ұйымдастырылмақ.

Татьяна Ремнева, шараны ұйымдастырушы:

- Бұл саябақ Тбилиси үшін маңызды жасыл аймақ. Біз сол себепті оны ойын үшін таңдап алдық. Өйткені бұл жерде адам көп болатындықтан қоқыс та көп.

Хабар 24 телеарнасы