386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде қатерлі ісікті биологиялық жолмен емдеу тәсілі жиі қолданылады

  • 217
  • UPD: 11:12, 15.10.2019

Израильдің денсаулық сақтау жүйесі әлемде үздіктер қатарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, бұл елде қатерлі ісікті емдеудің озық технологиялары қолданылады. Алайда мамандардың айтуынша, тек дәрі-дәрмек пен ем-доммен ауруды жеңу қиын. Науқастарды операциядан кейін күтіп-баптау да маңызды.

Израильде қатерлі ісікпен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Елде бұл дертке қарсы ұлттық жоба қабылданған. Кешенді шаралар өз нәтижесін берді. Мемлекет онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орында тұр.

Дина Мацеевская, онколог:

Жергілікті дәрігерлер қалыптасқан ем жүйелерін өзгертуден қорықпайды. Тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, ем-домды өз әдісімен жүргізе алады. Біз үшін бастысы нәтиже.

Израильде нәтиже берген жаңа әдісті барынша тезірек енгізуге тырысады. Сонымен қатар тәжірибелік бағдарламалар да көп. Мұнда әсіресе биологиялық жолмен емдеу тәсілі жиі қолданылады. Ақ халаттылар ауыр химиотерапияның орнына иммунотерапияны жөн көреді.

Дина Мацеевская, онколог:

Мысалы, химиотерапия әсер етпейтін бүйрек ісігін алайық. Ұзақ жылдар бойы бұл сырқатты нәтиже бермейтін химиотерапиямен емдеуге тырысқан. Қазір бұл ауруға қарсы кемі 5 дәрі бар, олардың науқастарға көмегі зор.

Израиль денсаулық сақтау саласының мамандары қатерлі ісікке қарсы тиімді ем жүйесін құра білді. Мемлекеттік сақтандыру емге кеткен шығынды өтейді. Ол тегін, және әлеуметтік мәртебесі мен дәулетіне қарамастан бүкіл халыққа қолжетімді. Ерте диагностика кеңінен қолданылады. Себебі қатерлі ісіктің асқынған түрін емдеуден гөрі емді ерте бастаған әлдеқайда тиімді әрі арзан.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы