423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда тайфун салдарынан қаза болғандар саны 67 адамға жетті

  • 973
  • UPD: 10:35, 15.10.2019
Жапонияда тайфун салдарынан қаза болғандар саны 67 адамға жетті liga.net

Жапонияда «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті, деп хабарлады Fuji Television Network.

Бұған дейін 53 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын. 13 адам іс-түссіз жоғалып кеткен, 200-ден астам адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта тайфуннан кейін қатты жаңбыр жауып жатыр. Кей аймақтарда екі күн ішінде екі айлық жауын-шашын мөлшері түскен.

Фукусима, Мияги, Канагава, Тотиги, Сайтама, Нагано, Шизуока қалалары тайфуннан қатты зардап шегуде.

Хабар 24 телеарнасы