387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде 176 мигрант құтқарылды

  • 186
  • UPD: 10:17, 15.10.2019
Жерорта теңізінде 176 мигрант құтқарылды

Соңғы екі тәулік ішінде Жерорта теңізінде 176 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ocean Viking кемесі бортына жеткізілді. Мәлім болғандай, босқындар арасында әйелдер мен балалар да бар. Әзірге мигранттардың нақты қайда жеткізілетіні белгісіз. Дегенмен, кірмелер мінген кеме Италияның Лампедуза аралы маңына тұрақтаған.

Айта кетейік, өткен жылы Италия босқындарға қатысты қатаң заң қабылдаған еді. Осылайша, ел билігі мигранттар легін қысқартуды көздеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы