384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Сириядағы жағдай үшін алаңдаулы

  • 269
  • UPD: 10:33, 15.10.2019
БҰҰ Сириядағы жағдай үшін алаңдаулы

БҰҰ-ның Бас хатшысы Сирияның солтүстік-шығысындағы шиеленісті шұғыл бәсеңдетуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл өңірде Түркияның қарулы күштері әскери операция жүргізіп жатыр. Антониу Гутерриш тараптарды арадағы түйткілдерін бейбіт жолмен шешуге үндеді. Өткен аптада Түркия көрші Сирия аумағында «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операциясын бастаған болатын. Шара «Күрдістанның жұмыс партиясы» және «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырларына қарсы бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы