389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандық ғалымдар: Мегаполис тұрғындары онкологиялық дертке жиі шалдығуда

  • 138
  • UPD: 12:57, 15.10.2019

Иранда ашылған жаңа медициналық орталық қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарды толығымен емдеп жазбақ.

Ол үшін клиникаға білікті мамандар тартылып, соңғы үлгідегі ем-дом шараларын жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнеркәсіптің өркендеуі адам өміріне қатер төндіреді деп ойлап пе едіңіз? Ирандағы жергілікті ғалымдардың айтуынша, газ бен түтінге тұншыққан мегаполис тұрғындары онкологиялық дертке жиі шалдығуда.

Бүгінде биологтар қатерлі ісік жасушаларының құрамын зерттесе, фармацевттер метастазды ұстап тұратын дәрілер ойлап тауып жатыр. Онкологиямен күрес жолында жаңалық ойлап тапқан дәрігердің бірі – Парвиз Ноурузи. Ол организмдегі ісіктің даму деңгейін анықтайтын құрылғы шығарған.

Иса Раджаблу, гастроэнтеролог:

- Әріптесім, Надер Риахи кеудедегі ісікті анықтайтын компьютерлік жүйе ойлап тапты. Бұл құрылғы ауруды бастапқы кезеңінде-ақ анықтай алады. Мамморгафия қорытындысын дәл шығарады. Жаңа жүйе жақын арада клиникаларда пайда болады.

Тегеранда салынып жатқан жаңа медициналық мекеме Иранның мен деген мықты ғалымдары бас қосатын орталыққа айналмақ. Маңызды нысанның бой көтеруіне Иранның атомдық энергия ұйымы мен медициналық ғылымдар орталығы қолдау білдірген. Клиникада Терапевттік және ғылыми зерттеулер бөлімшесі болады. Орталық келер жылы толығымен іске қосылып, бір мезгілде 400-ге жуық науқас қабылданады.

Фатэмэ Зарэ, гинеколог:

- Иранда қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейіп барады. Сондықтан бұл орталық бізге ауадай қажет. Терапевттік бөлімде заманауи технологиялар арқылы қатерлі ісікке шалдыққандар емделеді. Сондай-ақ скрининг, диагностика сынды қызмет түрлері де көрсетіледі.

Өткен жылы ирандық онко-орталықтар 111 мың науқасты қабылдапты. 2017 жылмен салыстырғанда дертке шалдыққандар саны азайған. Десе де, өлім-жітім көп. Қайғылы статистика көрсеткендей, ерлер арасында асқазан, ал әйелдерден сүт безінің қатерлі ісігінен көз жұмғандар артқан.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы