427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфун салдарынан 138 мыңдай үй сусыз қалды

  • 799
  • UPD: 14:13, 15.10.2019
Жапонияда тайфун салдарынан 138 мыңдай үй сусыз қалды

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан опат болғандар саны 66-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 53 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Бұған қоса, табиғи апаттан 200-ден астам азамат түрлі жарақат алыпты. Тағы 13 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел бойынша 138 мыңдай үй сусыз қалған. Тағы 34 мың үйде жарық жоқ. Ал толассыз жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан тасып, бөгеттер бұзылған. Нәтижесінде тұрғын үй кешендері су астында қалыпты.

Еске салсақ, сұрапыл тайфун Жапония жағалауына сенбі күні жеткен болатын. 

Хабар 24 телеарнасы