424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда тайфун салдарынан Hitachi және Panasonic зауыттарын су басты

  • 750
  • UPD: 14:27, 16.10.2019
Жапонияда тайфун салдарынан Hitachi және Panasonic зауыттарын су басты korrespondentnet

Жапониялық Hitachi және Panasonic ірі электротехникалық корпорацияларының Кориямадағы зауыттары төртінші күн қатарынан жұмыс істемей тұр.

Өнеркәсіп орындарын Хагибис тайфуны салдарынан су басқан.

Одан бөлек Корияма қаласындағы тасқыннан қатты зардап шеккен жапониялық Хонсю аралының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ірі басқа да кәсіпорындар 13 қазаннан бастап жұмыс істемей тұр.

Айта кетсек, Хагибис тайфуны құрбандарының саны 75 адамға жетті. 11 адам хабар-ошарсыз кеткен.

korrespondent.net

 

 

Хабар 24 телеарнасы